Мәжіліс Спикері Франция елшісін қабылдады
Мәжіліс Спикері Франция елшісін қабылдады
123
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Фран­цуз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын тал­қы­лады.

Кездесуде Франция еліміздің Еуропалық Одақ­тағы стратегиялық әріптесі екенін айтқан Мәжіліс Спикері Қазақстан басшылығының екіжақты саяси байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі ел ара­­сындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл­ды кеңейтуге ерекше назар аударатынын атап өтті. Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде өтіп жатқан саяси жүйе­ні реформалау, экономиканы жаңғырту, аза­мат­тық қоғамды дамыту үрдістеріне назар ау­дарды. Сонымен қатар тараптар екіжақты ынтымақтас­тық­ты тереңдетудің басым бағыттары туралы айта келе, көлік және энергетика, денсаулық сақтау және білім беру салаларын атап өтті. Франция елшісі Дидье Канесс тұрақты даму және «жасыл» экономикаға көшу саласында қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды дамыту басымдыққа ие екенін айтты. Бұдан басқа, Қазақ­стан мен Францияның ауыл шаруа­шылығын­дағы өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екеніне тоқ­талды.