Өңір дамуы ұдайы бақылауда
Өңір дамуы ұдайы бақылауда
149
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жам­был облыстық филиалы жа­нын­дағы «Өңірлік даму» және «Эко­номиканы дамыту және кә­сіпкерлікті қолдау» жөнін­де­гі аймақтық қоғамдық кеңес­­тер­дің бірлескен оты­рысы өтті.

Күн тәртібінде облыстың әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына үлес қосатын инвестициялық жо­ба­лар және Жол картасындағы эко­номиканы дамытуға қатысты көр­сеткіштердің орындалу мәсе­ле­лері қаралды. Кәсіпкерлік және индуст­риал­ды-инновациялық дамыту бас­қар­ма­сының есебінде облыста 1,4 трлн теңге болатын 6 шетелдік ин­вес­ти­циялық жоба іске асырылып жа­тыр. Одан бөлек, Индустриалды-ин­но­вациялық дамыту бағ­дар­ла­ма­сымен 5 жоба жоспарланған бол­са, 3 ірі жоба іске қосылған. Мұн­да барлығы 651 жұмыс орны ашы­латыны айтылды. Кеңесте Жамбыл және Талас ау­дандарында іске асырылып жат­қан инвестициялық жобалар ту­ра­лы мәселелер қаралды. Жамбыл ау­данында жалпы құны 31,9 млрд тең­ге 11 инвестициялық жоба іске асы­рылуда. Атап айтқанда, «Аса-Да­му» ЖШС құс фабрикасы, «Алел-Агро» ЖШС құс етін сою алаңы. Талас ауданында инвес­ти­ция­лық жобалар болмағанымен, биыл­ғы негізгі капиталға салынған ин­вестициялардың көлемі 16,7 млрд теңге болды. Отырыс соңында кеңес тө­ра­ғасы М.Ескендіров кәсіпкерлік бас­қармасына және аудан әкім­дері­нің орынбасарларына, Жол кар­­тасындағы межелі көрсет­кіш­тердің орындалуына салғырт қарап жүрген жауаптыларға ескерту жа­сады. Шағын және орта бизнесті дамыту, Жол картасының әрбір тар­мағының уақытылы әрі сапалы орын­далуын қадағалауды тап­сырды.

Б.КӨКШЕ