«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Өңірлік даму» және «Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын инвестициялық жобалар және Жол картасындағы экономиканы дамытуға қатысты көрсеткіштердің орындалу мәселелері қаралды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының есебінде облыста 1,4 трлн теңге болатын 6 шетелдік инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Одан бөлек, Индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасымен 5 жоба жоспарланған болса, 3 ірі жоба іске қосылған. Мұнда барлығы 651 жұмыс орны ашылатыны айтылды. Кеңесте Жамбыл және Талас аудандарында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәселелер қаралды. Жамбыл ауданында жалпы құны 31,9 млрд теңге 11 инвестициялық жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, «Аса-Даму» ЖШС құс фабрикасы, «Алел-Агро» ЖШС құс етін сою алаңы. Талас ауданында инвестициялық жобалар болмағанымен, биылғы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 16,7 млрд теңге болды. Отырыс соңында кеңес төрағасы М.Ескендіров кәсіпкерлік басқармасына және аудан әкімдерінің орынбасарларына, Жол картасындағы межелі көрсеткіштердің орындалуына салғырт қарап жүрген жауаптыларға ескерту жасады. Шағын және орта бизнесті дамыту, Жол картасының әрбір тармағының уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.Б.КӨКШЕ