Туған өлке өркендеп келеді
Туған өлке өркендеп келеді
166
оқылды

Биыл ел Тәуелсіздігіннің 30 жыл­дығы. Азаттық алғаннан бергі жыл­дар ішінде еліміз мемлекеттіліктің негізгі ұсындарын қалыптастырып, дамудың даңғыл жолына түсті. Бү­гін­де елімізде билік тармақтары мүл­тіксіз жұмыс істеп тұр. Солардың қа­тарына Парламент те кіреді.

ХХ ғасырдың басында Міржақып Ду­латұлы: «Біз қазаққа шын пайдалы де­путат таңдауымыз керек. Ол: ақ жүрек, таза, жұртты я сатып, я алдап кетпейтін бол­са; халық үшін ерінбей қызмет етер­лік, екіталай жерде жанын қиярлық ер­жүрек болса; өз пайдасынан жұрт пай­да­сын артық көретін болса; саясат ісіне же­тік болса; білімді, шешен, оқыған кө­сем болса» деп депутаттыққа кім лайық деген сұрақтың жауабын беріп кет­кен. Бүгінде заман өзгергенімен, осы сөз әлі де көкейкестілігін жойған жоқ. Тәуел­сіз еліміздің заң шығарушы орга­нын халық сайлайды. Ал депутаттың мін­деті Тұңғыш Пре­зидент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан­дай, тұр­ғын­дардың мұңына құлақ асып, ел­мен етене жұмыс істеу. Билік пен бұ­қара арасындағы алтын көпір болып отыр­ған халық қа­лау­лылары Алаш кө­сем­дерінің іс-әрекетін үл­гі етуі тиіс. Биылғы жылдың қаңтар айында же­тінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты бо­лып сайланған өз басым осы қағиданы бе­рік ұстанып, еш уақытта есімнен шы­ғар­ған емеспін. Халықтың мұңын мұң­дап, жоғын жоқтау мақсатында шілде айын­да өзім туып-өскен Солтүстік Қа­зақ­стан облысына екінші рет іссапармен ба­рып, жерлестерімнің тыныс-тірші­лі­гімен таныстым. «Nur Otan» партиясы фракциясының мү­шесі ретінде әріптесім Дмитрий Ко­ло­дамен бірге ең алдымен сайлауалды бағ­дарламада қамтылған мәселелердің орындалу барысымен танысқанды жөн көр­дік. Петропавлда көпсалалы ауру­ха­на­ның құрылысы қарқынды жүргізіліп жа­тыр. Былтыр жазда қадасы қағылған жаңа нысанның тәулік бойы жұмыс істейтін корпусы 500 орынға шақталған, ал ем­ханасы күніне 1 000 адамды қабыл­дау­ға қауқарлы. Мұнда көпбейінді, перинаталдық, кардиологиялық және он­кологиялық бөлімшелер ашылмақ. Айта кетейік, жаңа аурухана «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағ­дарламасына басты басымдықтардың бірі ретінде енгізілген болатын. 9,5 гектар аумақты алып жатқан 6 қабатты ауру­ха­наның жертөлесінде автотұрақ ашу қарас­тырылған. Бұл да болса келушілерге жасалған жағдай. Құрылыс жұмыстарына 149 адам мен 27 техника жұмылдырылған. Облыстық көпсалалы аурухана бас дәрігерінің бірінші орынбасары Асхат Молжігітовтың айтуынша, мұнда жұмыс іс­теуге тек Солтүстік Қазақстан облы­сы­нан ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де мамандар тартылмақ. Оларға арнайы кө­тер­ме төлемдер төленетін болады. Мұн­да жұмыс істеуге ниетті мамандар мін­детті кәсіби даярлық курстарынан өте­ді. Өйткені құрал-жабдықтың бар­лығы су жаңа, заманауи. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағ­дарламасы аясында былтырғы жыл­дың соңында ашылған 200 орындық жұқ­палы аурулар ауруханасы толық қуа­тында жұмыс істеп тұр. Мұнда 56 екі орын­дық, 16 үш орындық және 6 бір орын­дық палата бар. Далаға шығатын же­ке есік қарастырылған екі орындық бокстар, қарқынды терапия бөлімшесінде 20 орын және қабылдау-диагностикалық бөлімшесінде 5 бокс жұмыс істейді. Тәулік бойы есігі айқара ашық ауруханада заманауи КТ, рентген және УЗИ-ап­па­раттары, клиникалық және вирусо­ло­гиялық зертхана бар, COVID-19 виру­сына зерттеулер, ПТР-тестілеу жүргізі­леді. Өз басым мұндай ауруханаларды бі­лікті медициналық кадрлармен қам­тамасыз ету мәселесін мен ұдайы көтеріп жүр­мін. Басқа қалаларда медициналық білім алған жастар Солтүстік Қазақстан об­лысына келіп жұмыс істеуге құл­шы­нысы болуы үшін оларды ынта­лан­дыру­дың маңызы зор. Кадр тапшылығы мәселесі өткір тұр­ғанына Петропавл қаласында жаңадан са­лынып жатқан электр-техникалық жаб­дықтарын өндіру зауытына барғанда да куә болдық. Петропавлдағы бұрынғы шағын литражды қозғалтқыштар зауы­тының қаңырап бос қалған ғимараттары бірнеше жылдан бері қаланың көркін бұзып тұрған болса, бүгінде бұл жерде жұмыс қыз-қыз қайнаған. Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары өндіріспен қа­тар жүргізіліп келеді. Мемлекет қол­дауының және инвестор қаржысының ар­қасында цехтар өз жұмысын қайта бас­тады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқ­талуға таяу. Трансформаторлар мен басқа да электр техникасын өндіруге 12 млрд тең­геге жуық инвестиция бағытталған. Со­ның ішінде 8 миллиард теңгені қа­зақ­стандық Alageum Electric компаниясы құй­ды. Ал мемлекет инвестициясы 4 млрд теңге шамасында. Бөлінген қар­жы­ның басым бөлігі игеріліп үлгерген: жаңа жабдықтар алынып, өндірістік үй-жай­лар жөнделген. Биылғы жылдың соңына қарай бұл зауыт 3 мыңға дейін трансформатор шы­ға­рады деп жоспарланып отыр. Алдағы уа­қытта кәсіпорын жыл сайын 12 млрд тең­ге сомасына 13 мыңға дейін электр жаб­дығын өндіруге қауқарлы. Өнімнің 95 пайызы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге экспортталмақ. Қазір жаңа нысанда 140 адам жұмыс іс­теп жүр. Ал жыл соңына дейін 310 қо­сым­ша жұмыс орындары ашылады деп күті­ліп отыр. Зауыт директоры Мақсат Үсен­баевтан сұрап білгеніміздей, құры­лыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде коронавирус инфекциясының шарықтау шегіне жеткені өз салқынын тигізіп, маман тапшылығы қолбайлау болыпты. Зауыт толық қуатымен жұмысқа кіріскен кез­де де дәл осы мәселе қиындық ту­ғызуы мүмкін. Кадр тапшылығы өн­діріс­ке кері әсерін тигізбеуі үшін қазір жұ­мыс­пен қамту орталығымен және жоғары оқу орын­дарымен бірлескен жұмыс жүр­гізі­ліп жатқан көрінеді. Кәсіпорын бас­шы­лығының бұл бастамасы құптарлық. Сон­дай-ақ бұл мәселені кадрларды қайта даярлау жолы арқылы да шешуге болады. Кәсіпорынның басты артықшылығы – өндіріс 70 пайызға автоматтандырылған. Қызметкерлерге арналған үй салу жаңа кәсіпорынға кадрларды тарту мәселесін шешуге септігін тигізеді деген ойдамыз. Қа­зір зауыт аумағында 40 пәтерлі 5 қа­батты үйді қалпына келтіру жұмыстары аяқ­талуға жақын. Ал келесі жылы зауыт жұ­мысшыларына жаңа 9 қабатты үйден 104 пәтер бөлінбек. Сонымен қатар зауыт­та жұмыс істеу үшін 100 қоныс ау­дару­шы отбасы мен шетелден мамандар ша­қырылмақ. Жол картасында мұндай нысандар же­терлік. Сапар барысында тек облыс ор­талығын шиырлап қана қоймай, шал­ғайдағы елді мекендерге және өзімнің туып-өскен өлкем Жамбыл ауданындағы Майбалық ауылына да ат басын бұрдық. Бүгінде Майбалық ауылында 178 адам, 47 аула ұялы байланыспен жарақтан­дыры­лып, тұрғындардың қала орталығы­на барып-келуі үшін тұрақты автобуспен қамтамасыз етілген. Кездесуде көтерілген күрделі мәселелердің бірі, республикалық маңызы бар жолдан Майбалық ауылына дейінгі 12 шақырым автомобиль жолы­ның әбден тозғаны. Қара күзде және ерте көк­темде жаңбыр мен еріген қардан су бол­ған жол белуардан саз-лай батпақ бо­лып, қыста үскірік 2 метрге жететін ом­бы қардан ауылмен байланыс үзіледі. Кез­­десулерде жол күрделі жөндеуді қа­жет ететін мәселе ретінде тұрғындар тара­пынан көп көтерілсе де, осы күнге дейін әлі шешімін таппаған мәселе бол­ғаны анықталды. Алғашқы кездесуде жергілікті әкімдік өкіл­дерімен, облыс басшылығымен ты­ғыз қарым-қатынас орнатып, 2021 жыл­дың 15 шілдесінен бастап ауыл ішінде 8 жаңа тұрғын үй салынып, пайдалануға бе­ріл­ді. Ал жол жөндеу мәселесі Үкімет бас­шылығының келісімін алып, Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінiң қолдауының арқасында тиісті құжаттар дайындалып, мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары атқа­рыл­ды. Тозығы жеткен 12 шақырымдық жол­­ға мердігер компаниялар сарапта­ма­лар жасап, 243,3 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды. Республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, жоба өз қолдауын тапты. Нәтижесінде, аталған 12 шақырымдық жол­ға тиісті орташа жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп, осы жылдың 30 қазанында Май­балық ауылына дейінгі жол толық төсе­ліп, пайдалануға берілді. Шал ақын ауданының орталығы Сер­геевка қаласында салынып жатқан де­нешынықтыру-сауықтыру кешені, Есіл ауданындағы Советское ауылында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіру зауытының, Ғабит Мүсірепов аты­ндағы ауданына қарасты Привольное ауы­лындағы тауарлы-сүт фермасының жә­не басқа да көптеген нысанның құры­лыс барысымен, жолдардың жағдайымен та­ныс­тық. «Еңбек» бағдарламасы бойын­ша оңтүстік өңірлерден көшіп келген қо­ныс аударушылармен, ауыл тұрғын­дары­мен жүзбе-жүз кездесіп, өтініш-тілек­теріне құлақ түрдік. Бүгінде облыс тұр­­ғындарының 90 пайызы таза ауыз­су­мен қамтылған десек те, ауылдықтарды ауызсу, жол, білім беру, денсаулық сақтау мә­селелері толғандырып отыр. Сол се­беп­ті біз халықтың мұң-мұқтажымен та­­­нысып, Президент Қасым-Жомарт Ке­мелұлы айтқандай, кері байланыс ор­натып келеміз. Жергілікті жерлерде Жол картасы қалай орындалып жатқанына осылайша көз жеткіздік.  

Ерлік ТАЙЖАНОВ, Мәжіліс депутаты, генерал-майор, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі