Полицейлер өзгенің атынан 3 миллион теңгеге жуық кредит алған 18 жастағы алаяқты ұстады
Полицейлер өзгенің атынан 3 миллион теңгеге жуық кредит алған 18 жастағы алаяқты ұстады
Фото: politring.com
141
оқылды

Рolisia.kz жазуынша, Қарағандыда алаяқ денсаулығында кінәраты бар адамның атынан несие рәсімдеген.

Қарағанды ​​қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел белгілі бір тұлғаның оған үш тауарлық несие рәсімдеп, шотынан 459 мың теңге аударып алғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі  – 1 млн 804 мың теңге. Аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
9 қараша күні полицейлер күдікті 18 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Жәбірленуші мүгедек адамға күтуші қажет болған. Ал күдікті оған көмек көрсетпек болып, жәбірленушінің жеке деректерін алған.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтың мүгедекке тағы екі тауарлық несие рәсімдегенін анықтады. Шығынның жалпы көлемі – 2 миллион 784 мың теңге.