Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейсі ашылады

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейсі ашылады

Желтоқсан айында Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Биыл 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің Jazeera Airways әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Boeing A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.