Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек ері – Еркін Әуелбековтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында еңселі ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Есімі тұтас Қазақ елі үшін айырықша тұлғаның Көкшетауда ескерткішін ашу көптің көкейінде жүрген айтулы мәселе болған. Қылышынан қан тамған Кеңестер Одағы тұсында Еркін Әуелбеков Көкшетау, Қызылорда, Торғай облыстарын басқарып, іскерлігі мен батыл шешімдерінің арқасында тұтас халық үшін мақтан тұтар ардақты азаматқа айналған.Шара соңында айтулы тұлға жайлы халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, қайраткер тұлға жайлы тың мәліметтер жария етілді.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы