Айжан Есмағамбетова полицияға шағым түсірді
Айжан Есмағамбетова полицияға шағым түсірді
© inbusiness.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова отставка туралы хабарлама үшін полицияға шағым түсірген. 
"Қатерлі дерке шалдыққандарға көмек көрсету қоры тең құрылтайшыларының бірі  E-otinish жүйесі арқылы үнемі үндеу жасайды, соңғы үндеуінде Сізге отставкаға кету керектігін айтқан. Есмағамбетова ханым, ведомство осыдан кейін полицияға арыз түсіріпті. Сізге отставкаға кету туралы айтса, тіл тигізген болып есептеле ме?" – деп сұрады журналист брифингте.
Есмағамбетованың айтуынша, ІІМ-ге оның қолы қойылған шағым түскен.
"Бұл үндеу жасаған адамға қатысты шағым болды. Құқық қорғау органы оның іс-әрекетіне баға берсін дедік. Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай. Бірінші рет шағым түсіріп отырмын", – деді ол.