Қазақстан самбодан әлем чемпионатының екінші "алтынын" жеңіп алды
Қазақстан самбодан әлем чемпионатының екінші "алтынын" жеңіп алды
183
оқылды
Тағы бір қазақстандық самбошы 2021 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рахат Жаңаниет турнирдегі екінші "алтынды" алып келді. Финалда ол тәжікстандық Хушкадам Хусравовты жеңіп, әлем чемпионы атанды, – деп жазады Sports.kz. Бұған дейін 2021 жылғы әлем чемпионатының алтын медалін қазақстандық Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) жеңіп алған болатын. Ол финалда Моңғолиядан келген Нехитбаатар Баярманы жеңді.