ШҚО-да рөлде ұйықтап кеткен полицей жолаушылар автобусын соқты
ШҚО-да рөлде ұйықтап кеткен полицей жолаушылар автобусын соқты
182
оқылды

Өскемен қаласында көлік тізгіндеп келе жатып, ұйықтап кеткен полицей автобуспен соқтығысты.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 12 қарашада сағат 12.47-де болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша рульде ұйықтап кеткен ол қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Соның салдарынан автобус жүргізушісі мен 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. «Лексус» көлігінің жүргізушісі – кезекшілікті аяқтап, демалыста жүрген полиция қызметкері. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ішімдік ішпегені анықталды» делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде апат болған жерде түсірілген видео жарияланды.