Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер сыйлады және ақшалай сертификат тапсырылды. Бұл туралы Aikyn.kz облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде облыста спорт дамып жатқанын айтып өтті.
«Біз, ақмолалықтар Теміртастың жеңісін мақтан тұтамыз! Бұл – ерекше жеңіс. Бұл ерлер арасындағы әлем чемпионатында Ақмола облысының алғашқы алтын медалі. Теміртас – тәжірибелі спортшы. Осы жоғары марапатқа жету жолында ол әскери қызметкерлер арасында екі рет әлем чемпионаттарын жеңіп алды. Бұл жеңістердің лайықты нәтижесі әлем чемпионатының алтын медалі болды», – деді Ермек Маржықпаев.
[caption id="attachment_170675" align="alignnone" width="799"]