Қар құрсауында қалған 23 адам құтқарылды
Қар құрсауында қалған 23 адам құтқарылды
104
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара - Шымкент тас жолында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. Бұрқасында далада қалған 23 адам құтқарылды.

«Қар құрсауынан 23 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Атап айтар болсақ, Самара – Шымкент тасжолының Хромтау ауданы аумағында алты көліктен 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Көліктер қар құрсауында қалып қойған. Ал Алға ауданының Бесқоспа ауылының маңында 2 адам құтқарылды. Олар 6 сағаттан астам уақыт бойы бұзылып қалған көлік ішінде отырған. Сондай-ақ Ақтөбе қаласы мал базар маңындағы айналма жолда жүк және жеңіл көлік соқтығысып, бір адам құтқарылды. Көліктен шығарылғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Барлық жағдайда жүргізушілер дауылды ескертуді елемей, көліктің техникалық жағынан жарамды екеніне көз жеткізбей, алыс жолға шыққан», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.