Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановқа пәтер кілті табысталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлемдік біріншілікте Қазақстанның даңқын асырған спортшыны Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов құттықтады.
– Сенің «күмісің» ұлттық құраманың қоржынына қомақты үлес қосты, - деді Әбілқайыр Сқақов. Айта кету керек, бұл - павлодарлықтардың бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған алғашқы медалі. Осы марапаттың арқасында жерлесіміз павлодарлықтар арасында бірінші болып Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген спорт шебері атанғаны көңілімізді одан сайын көтерді. Дәл осы жоғары жетістікпен шын жүректен құттықтаймын. Жаттықтырушыларыңмен бірге жаңа белестерді бағындырып, соның ішінде жазғы Олимпиадада жеңіске жетеді деп сенемін.
Халықаралық аренада үздік өнер көрсеткені үшін марапат ретінде спортшыға пәтер кілттері табысталды. Боксшы барлық жерлестеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ірі жарыстардың «алтынын» алу үшін бар күшін жұмсауға уәде берді.
[caption id="attachment_170688" align="alignnone" width="796"]