13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жыра республиканың барлық өңірлерін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. 13 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.