Экономиканы дамытудың он айлық көрсеткіші
Экономиканы дамытудың он айлық көрсеткіші
195
оқылды

Кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төра­ға­сының орынбасары, фракция же­текшісі Бекайдар Төлегенов ашып, жүргізді. Экономиканы да­мыту және кәсіпкерлікті қолдау жө­­ніндегі қоғамдық кеңестің төра­ға­сы Мақсат Абдукаримов ат­қа­рыл­­ған жұмыстар бойынша есеп бер­ді. Кеңес отырысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауал­ды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған қалалық Жол картасының 10 айдағы жұмыс қоры­тындысы талқыланды. Жыл басы­нан бері кеңестің 10 отырысы өткі­зіл­ді, оның ішінде 5-і көшпелі оты­рыс. Кеңес жұмысында Жол карта­сының тармақтарына жауапты Жұ­мыс­пен қамту, Еңбек инспек­ция­сы, Кәсіпкерлік және индуст­риал­ды-инновациялық даму бас­қармасы, Ауыл шаруашылығы бас­қармаларының жұмыстары зер­деленді. Мақсат Серікұлы әр басқарма бойын­ша жекелей тоқталып, зерде­леу нәтижесі бойынша атқа­рылған жұмыстардың оң нәтиже­лері мен кейбір көрсеткіштердің жылдық жоспарының орындалу деңгейі төмен екенін атап өтті. Сондай-ақ бұған дейінгі өткен кеңес отырысында орындалмай қалу қаупі бар тармақтар бойынша тиісті басқармаларға тапсырмалар мен нұсқаулар берілгенін, олардың нә­тижесі партия филиалының жыл қорытындысы бойынша өткі­зіле­тін жиында қаралатынын мә­лім­деді. Кеңес отырысын қорытын­дылаған Бекайдар Төлегенов 10 айдың нәтижесі бойынша кеңес жұмысына оң баға беріп, Жол картасындағы бекітілген әрбір іс-ша­раның маңызын атап өтті. Барша тиісті мекемелерді оның орын­далуына атсалысуға шақыр­ды.  

Би-Барыс КӨКШЕ