Түркістан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды. Ведомствоның мәліметіне сенсек, олар Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен пара алып отырған.
Осылай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталғанын ресми растады. Қазір бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынған. «Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді» делінген хабарламада.Мадияр ТӨЛЕУ