Арнайы мониторинг жасады
Арнайы мониторинг жасады

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалының Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Айман Оспанованың жетекшілігімен кеңестің онлайн форматта отырысы өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қа­ралды: «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық­ты өмір!» сайлауалды бағ­дар­ламасы аясында Жол карта­сы­ның денсаулық сақтау бағыты бойын­ша Тереңкөл ауданына жұ­мыс тобын бастап барған облыс­тық қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлжанат Джакова баяндама жа­сады. Сондай-ақ «Сырқат­тану­шы­лық пен өлім-жітімді төмендету», «0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уа­­қытылы анықтау», қатерлі ісік­терді ерте анықтауға скринингтік зерт­теулермен халықты қамту мә­се­­лелері талқыланды. Одан бөлек, Жол картасының 2021 жылға жоспарланған жұмыс­та­рының орындалуына қатысты пар­тиялық бақылау жасау,  қала­лық және аудандық денсаулық сақ­тау жүйелерін цифрландыру жә­не бағдарламаларды өзара кі­рік­тендіру жай-күйі туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бас­­шысының орынбасары Гүлнәр Оспанова баяндады. Облыстық Кәсіпкерлік және ин­­дустриалды-инновациялық да­мыту басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаев мамандан­ды­рыл­ған дүкендерде темекі сату, те­мекі мен темекі бұйымдарын жар­намалаудың барлық түрлеріне тыйым салу мәселесі бойынша баян­дама жасады. «Облыста 8 889 сауда нысаны, 24 базар жұмыс істейді. Өңірдегі 4 436 азық-түлік немесе аралас дү­кен­дердің 4 345-і темекі өнімдерін са­тады, сондай-ақ кальян өнім­де­рін сататын мамандандырылған 18 дү­кен бар. Екібастұз және Ақсу қа­лалары мен аудандық өңірлерге іс­сапарға шыққанда темекі өнім­де­рін орналастыру және жар­на­ма­лауға қатысты заңбұзушылықтар анық­талған жоқ. Барлық сауда нүк­телерінде темекі өнімдері жар­на­малаусыз жабық түрде саты­ла­ды»,– деді Ернұр Жәутікбаев. Жиналыс соңында қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Ай­ман Оспанова облыстық мо­ни­торинг тобының жұмысын қо­ры­тын­дылай келе, Тереңкөл ауда­нын­­дағы жас мамандарға көтерме жәр­демақының төленбегені, ме­ди­циналық құрал-жабдықтардың же­тіспеушілігі, аудандық ауруха­на­ларда күрделі жұмыстарға өті­німнің берілмегені, коро­на­вирус­пен күресу үшін дәрілік заттардың, дезинфекциялық құралдардың же­тіспеушілігін, жеке қорғану құрал­дарды сатып алу бойынша өті­німнің берілмегенін атап өтті.  

Би-Барыс КӨКШЕ