Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзарды

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзарды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы 2 айға созылды. Сот күдіктінің өтінішін елемей, осындай шешім қабылдады. Біртанов болса, өзінің кінәлі емес екенін, кінәсін дәлелдейтін деректердің жоқ екенін алға тартады.

Сондай-ақ экс-министр елден қашпайтынын және өзінің еш кінәсі жоғын да дәлелдейтінін жеткізді. Онымен қоса, жауапты органдар бұл істе қарастырылып жатқан материалдарды қор­ғаушы­ларға бермей жатқанын мәлімдеді. Соның салдарынан жауап беруші тарап тағылып жатқан айыптың мән-жайын зерттей алмай жатқанын айтты. – Бұл істің қылмыстық құ­рамы жоқ. Менің қызметімді асыра пайдалануымды дәлел­дейтін деректер де жоқ. Мен мем­лекетке ешқандай залал кел­тірген жоқпын. Ақпараттық платформа келісімге сәйкес қолданысқа алынды. Ол жұмыс істейді. Осы орайда мені үйде қамау туралы шешімді жоюды талап етемін. Сондай-ақ бұл іске қатысты барлық материалды бізге беруді сұраймыз. Біз де оларды зерттегіміз келеді, – дейді Біртанов.

М.ТӨЛЕУ