Медициналық қызмет жаңа сапаға көтерілді
Медициналық қызмет жаңа сапаға көтерілді

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жа­нындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қо­ғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа Қостанай облысы әкім­дігі Денсаулық сақтау басқармасының, Қостанай облысы бойынша ӘМСҚ филиалының басшылары қатысты. Жиналысқа Senim «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қостанай облыстық филиалының төрағасы Татьяна Булгацевич төрағалық етті.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Nur Otan» партиясының сай­лауал­­ды бағдарламасының Жол кар­тасында көрсетілген нысаналы ин­дикаторларын іске асыру бары­сы бойынша облыста Денсаулық сақ­тау саласында атқарылған жұ­мыс­тардың 10 айлық нәтижесін қо­ры­тындылады. Жол картасының 3.1-бөлімге сәй­кес, «Медициналық қызмет көр­сету сапасын арттырудың» 9-тар­мағын іске асыруы бақылауға ал­ған. Мәселен, «Коронавируспен кү­ресуге бағытталған материал­дық-техникалық жабдықтау, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің» 55-тармағына сәйкес 1,015 млрд теңге бөлінді. Оның 468,3 млн тең­гесі игерілді. Реанимация бөлім­ше­­лері үшін медициналық жаб­дық­тар, дәрі-дәрмектер мен жеке қор­ғаныс құралдары сатып алы­нып отыр. Медициналық ұйымдарды жо­ғары технологиялық жабдықтар­мен қамтамасыз ету мақсатында бюд­жеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Оның 25,4 млн теңгесіне 6 рентген ап­­­­па­ра­ты, 434,8 млн теңгеге 15 флюорог­раф, 199,3 млн теңгеге 3 мам­­мограф алынды. Барлығы 659,5 млн теңгеге жабдықтар са­тып алын­ған. Халықты міндетті әлеуметтік ме­­­­дициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту үшін ны­са­налы топ­­тармен кездесу өткі­зі­леді. БАҚ-та, әлеу­меттік желілерде жұ­мыс жүргізіледі. Сондай-ақ сырт­қы жарнаманы орналастырып, ақ­­параттық брошюралар, бук­лет­тер таратылды, коммуналдық қыз­мет түбіртектерінде МӘМС туралы жа­дынамалар жазылды, адамдар көп жиналатын жерлерде және көлікте бейне және аудиоро­лик­терді ротациялау жүргізіледі. Медицинада жоғары техноло­гия­лар­ды қолдануға көңіл бөлінеді. Бұл мақсатқа 452,7 млн теңге бө­лін­ді. 2021 жылғы жоспар бойынша 30 қызмет орнына іс жүзінде 386,2 млн теңге сомасына 61 жоғары тех­­­нологиялық медициналық қыз­мет көрсетілді. Сонымен қатар тұ­рақ­сыз эпидемиологиялық жағдайға бай­­ланысты жыл ішінде скри­нинг­тік зерттеу жүргізу тоқтатыл­ған, осыған байланысты медици­на­лық ұйымдардың алдына ха­лықты скринингтік зерттеумен қамтуды ұлғайту міндеті қойылды. Жол картасының нысаналы инди­каторларын іске асыру бойынша жұ­мыс жалғасып жатыр.  

Би-Барыс КӨКШЕ