Аурухана жұмысы бақылауға алынды
Аурухана жұмысы бақылауға алынды
404
оқылды

Науқас балалардың ата-аналары Маңғыстау облыстық ауру­ханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне шағым жасаған бо­латын, соған байланысты «Nur Otan» партиясының Ақтау қа­лалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәс­лихат депутаты А.Шамшадинова, Ақтау партиялық ба­қылау комиссиясының төрайымы Aйда Балқашбаева, Сы­байлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрайымы Нұрсұлу Сей­да­лыева тексеру жүргізді. 

Бірнеше ата-ананың айтуын­ша, сырқаттанған балаларын жат­қы­затын орын болмағандықтан, олар дәлізде және емдік шаралар бөл­месінде жатуға мәжбүр болған. Тіпті, аурухана асханасы ботқа­сы­ның ішінен қоңыз шыққан. Мониторинг барысында ме­ке­ме аумағының тазалығы, мате­риал­дық-техникалық базасы, бөл­­­мелердің санитарлық-гигие­на­лық, профилактикалық және сауық­тыру іс-шараларының сапа­сы, емделушілердің қауіпсіздігі, тамақтану, бейнебақылау жүйесі, сәбилердің жан-жақты дамуына жа­салып жатқан жұмыстар, тағы басқа да зерделенді. Тексеріс нәтижесінде үлкен­дер­ге арналған жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратының күрделі жөндеуді талап ететіні, науқастарға берілетін тағамның нәрсіз, тоңа­зыт­қышта тұрған дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі шегіне жет­кені анықталды. Кейбір дәрі-дәр­мек кіреберістегі еденде шашылып жа­тыр. Сондай-ақ ауруханада са­ни­тарлық талап сақталмаған, нау­қастардың төсек жабдығы ескір­ген. Анар Шамшадинова бөлімше мең­герушісіне тазалық жұмыс­та­рын күшейтуді тапсырып, алдағы уақытта рейдтік шаралардың тұ­рақ­ты  жүргізілетінін айтты. Ал Маң­ғыстау облыстық жұқпалы ау­рулар бөлімінің меңгерушісі, екін­ші санатты дәрігер Ж.Қа­ша­ғанова өз кезегінде жағдайдың ушы­ғып кеткенін, 60 орындық ауру­ханаға науқас бала көбейіп сый­май жатқанын жеткізді. Әсі­ре­се, 1 жасқа дейінгі балалардың ара­­­­сында іш өту, қызу көтеріліп кету ке­селдері жиі тіркелген. Оның үс­тіне аурухана ғимараты ескі әрі тар, дәрігерлер жетіспейді. Айта кету керек, өңірде қазір жұқ­палы вирустың, іш өту және қы­зылша ауруының таралуы өршіп тұр. Маңғыстау облыстық көп­бейін­ді балалар ауруханасының жұқ­палы аурулар бөлімшесінің қа­былдау бөлмесіне тәулігіне 10-15, кейде одан да көп бала қаралуға ке­леді. Сондай-ақ күніне 10-20 ба­ла жатып ем алады. «Бүгінде өңір бойынша қы­зыл­шамен ауырғандар саны көбейіп тұр. Біз емделушілер бір аурудан сауы­ғып жатып, екіншісін жұқ­ты­рып алмау үшін қолдан ке­л­геннің бә­рін жасап жатырмыз»,– деді бө­лім меңгерушісі. Мониторинг тобы Маңғыстау об­лыстық ауруханасының бас­шы­лығына анықталған кемшіліктерді жеделдетіп жою керегі жөнінде тап­сырма беріп, аталған мәселе то­лықтай шешімін тапқанша Пар­тиялық бақылау комиссиясының бақылауында болатынын ескертті.  

Би-Барыс КӨКШЕ