Денис әлемдік рейтингте көш бастады
Денис әлемдік рейтингте көш бастады
123
оқылды

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) шорт-тректен әлемдік рейтингті назарға ұсынды. Әлем кубогының екі кезеңінен соң қазақстандық Денис Никиша көш басында келеді.

Атап айтсақ, Денис 500 метрге жүгірушілер арасында 12 800 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға венгриялық Шаолин Сандор, үшінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Хванг Да Хон жайғасқан. 1 500 метрге жүгіретін спортшылар арасында Әділ Ғалиахметов 8 000 ұпаймен бесінші орында келеді. Бұл қашықтық бойынша ресейлік Семен Елистратов 15 120 ұпаймен көш бастап тұр. Айта кетейік, Әділ Ғалихаметов Бейжіңде (Қытай) өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанған болатын. Ал Денис Никиша Бейжің және Нагояда (Жапония) өткен кубоктық кезеңдерде екі рет қола медаль жеңіп алды.

А.ЖАСАНҰЛЫ