Халықаралық Абай қорының ұйымдастыруымен елордада «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубы өз жұмысын бастады.
Осыған орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында клубтың алғашқы дөңгелек үстел отырысы өтті. Абай мұрасын ұлықтаған рухани іс-шараға, жоғары оқу орындарының студенттері мен ақын-жазушылар қатысты. Жиында Абай өлеңдері жатқа оқылды. «Басты мақсатымыз – Абайдың мұрасын жастардың санасына сіңіріп, одан ары өркендету. Әр қазақстандық Абайдың шығармаларын біліп, оқып өсуі тиіс. Алдағы уақытта «Абай жолы» әдеби-музыкалық клубының кездесуі әр бейсенбі сайын өтіп отыратын болады. Сонымен бірге шетелдегі «Абай» орталықтарымен бірлесіп, Абай атамыздың кемел тұлғасын насихаттауды және қандастар арасында осындай шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді «Абай жолы» клубының жетекшісі әрі тұрақты модераторы Бекзат Смағұл.А.ЖАСАНҰЛЫ