Ересектердің 40%-ы әлеуметтік желіге отбасылық суреттерін салады
Ересектердің 40%-ы әлеуметтік желіге отбасылық суреттерін салады
Сурет: depositphotos.com
480
оқылды

Халықаралық сауалнама нәтижесі бойынша, ата-аналардың 61%-ы балаларына цифрлық гаджеттерді пайдалануда теріс үлгі береді. Сондай-ақ ересектердің 54%-ы отбасына пайдалы цифрлық әдеттерді қалыптастыруға тырысқанын атап өтті, - деп хабарлайды Informburo.kz сайты. 

Аталған сауалнамаға бүкіл әлем бойынша, 7-12 жас аралығындағы баласы бар 11 мыңнан астам респондент қатысты.
"Балалар өмірлік әдеттерді, соның ішінде цифрлық дағдыларды ересектерден тез үйреніп алуға бейім. Кей ата-ана баласынан өзі бойына сіңіріп үлгермеген тәртіпті сақтауды талап етеді. Мысалы, ересектердің 48%-ы күнделікті гаджетті 3-5 сағат пайдаланады. Респонденттердің 62%-ы мұны қалыпты деп санайтынын айтты. Алайда осы азаматтардың 53%-ы өз баласының гаджеттерді 2 сағаттан артық пайдаланбағанын қалайды", – делінген хабарламада.
Мұнымен қатар, ересектердің 37%-ының отбасылық суреттерді әлеуметтік желіге салатыны белгілі болды. Алайда осы азаматтардың 24%-ы ғана өз балаларына отбасылық суреттерді жариялауға рұқсат беруге дайын.
"Осы орайда, барлық отбасы мүшесімен бір ережені ұстану тиімді. Егер бұлай жасау мүмкін болмаса, балаларға себебін түсіндіру қажет. Мысалы, ата-аналарға бұл жұмыс істеу үшін керек", – деді Kaspersky компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.
Сондай-ақ, ол ата-аналарға арналған бірнеше кеңесін бөлісті:
  • интернетте балалармен бірге отырып әртүрлі тақырыпты іздеу және зерттеу;
  • баланың құрылғысына онлайн қауіпсіздік қосымшасын орнату. Әсіресе, цифрлық әлемді енді танып бастаған балалар үшін маңызды.