Исламхан жаттығуға кірісті
Исламхан жаттығуға кірісті
189
оқылды

Қазақстандық футболшылар Бауыржан Исламхан мен Ермек Қуантаев жаттығу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Meta-ratings.kz cайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан 2020 жылы «Аль-Айн» командасы сапында жүрген кезінде допингпен ұсталып, екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Таяуда жартылай қорғаушының жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. Исламханның бұрынғы командаласы Ермек Қуантаевтың да футбол ойнамағанына біраз уақыт болды. Ол түркістандық «Тұран» командасынан «Таразға» ауысып келген еді.

Алайда футболшы cәуір айынан бері жасыл алаңға шыққан жоқ. Қос футболшыны да келер маусымнан бастап бір команда сапынан көріп қалуымыз әбден мүмкін.