Қазақстандықтар 10 қабатты үйдің шатырында тауық асыраған отбасына үй алып бермек
Қазақстандықтар 10 қабатты үйдің шатырында тауық асыраған отбасына үй алып бермек
207
оқылды

Қазақстандықтар 6 баласын асырау үшін көпқабатты үйдің төбесіне тауық асыраған отбасыға үй алып беру үшін ақша жинап жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде «Дәулеттен» қорының жетекшісі мәлімдеді.

«Көзімнен жас шықпаса да, жүрегім жылауда. Нан ауыз ти деп, дархандығын танытуда. Әлем бойынша аумағы бойынша 9-орын алып, жер бұйырмай жүргені қаншама?! Көп нәрсе айтып-айтып тастағым-ақ келеді… Бірақ, бізді тыңдап жатқан басшылар жоқ. Рүстем мен Қарлығаштың көршісімен де сөйлестім. Шыр-пыр болуда… Бүгінгі қасиетті жұмада қайырымдылық жасап жіберейік. @dauletten_qory заңды реквизиті: 8-707-765-62-65 Нұрсұлтан О. (Kaspi Gold) Дәл қазір 2 сағатта 2 миллионға жуық ақша жиналған екен», - деп жазды қор жетекшісі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ?? (@dauletten)

Сондай-ақ, ол бұл бастамаға тележүргізуші Динара Сәтжан мен Сырымбек Тау қолдау білдіргенін айтты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ?? (@dauletten)

Еске салсақ, Ақтау қаласының тұрғыны Рүстем Тінеев алты баласын асырау үшін көпқабатты үйдің төбесінде тауық асырап отырғанын айтқан еді. Алайда көршілері бұған қарсылық білдіріп, полиция 70 мың көлемінде айыппұл салған. Айыппұлын «Дәулеттен» қорының жетекшісі төлеп берді.