UFC ұйымында ең көп сыйақыны қай файтер алды?
UFC ұйымында ең көп сыйақыны қай файтер алды?
146
оқылды

Айтпақшы, аталмыш тізім 2004 жылдан бері арнайы комиссия ұсынған мәліметтер негізінде дайындалған.

Сондықтан спортшылардың сыйақысы UFC 46 турнирінен бері есепке алынды. Сондай-ақ сыйақыларға бонустар мен демеушілердің берген ақшалары да қоса есептелді. Дегенмен осы тізімді жасаушылар PPV (ақылы трансляциядан түсетін төлем) арқылы түсетін ақшаны қоспаған.

UFC 266 турниріне дейінгі сыйақыларға келер болсақ, ең көп сыйақы алған үздік ондық төмендегідей:

  1. Конор МакГрегор – 25,302,000 (доллар)
  2. Хабиб Нурмагомедов – 14,770,200
  3. Алистар Оверим – 9,914,500
  4. Андерсон Силва – 8,732,000
  5. Майкл Биспинг – 7,135,000
  6. Джуниор Дос Сантос – 7,110,000
  7. Джордж Сент-Пьер – 7,037,000
  8. Джон Джонс – 7,025,000
  9. Андрей Орловский – 6,840,000
  10. Дональд Серроне – 6,816,200

Қазақстандық спортшылардың сыйақысы:

  • ...836. Дамир Исмагулов – 127,000
  • Мария Агапова – 89,000
  • Шавкат Рахмонов – 77,100
  • Жалғас Жұмағұлов – 53,400
  • Сергей Морозов – 37,500