15 қарашадан бастап елордадағы бір учаскеде біржақты қозғалыс енгізіледі
15 қарашадан бастап елордадағы бір учаскеде біржақты қозғалыс енгізіледі
Фото: news.myseldon.com
117
оқылды
15 қарашадан бастап Омаров көшесі бойында, Әуезов көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі учаскеде біржақты қозғалыс енгізілмек, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. «Нұр-Сұлтан қаласының аумақтарында жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта құру және үйлесімді, жайлы орналастыру» нысанының құрылысын жүзеге асыруға байланысты Омаров көшесінде, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрынан Әуезов көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша келісілген жобада қарастырылған барлық жұмыс, атап айтқанда жаяу жүргіншілер аймағын, ойын алаңын, субұрқақ және т. б. орналастыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жоғарыда көрсетілген шараларды Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен келісті. Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру шеңберінде Омаров көшесі бойында, Әуезов көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі учаскеде тиісті техникалық реттеу құралдарын орната отырып, біржақты қозғалыс енгізіледі, бұл көлік қозғалысын реттейді. Жоғарыда көрсетілген учаскеде біржақты қозғалысты енгізу осы жылдың 15 қарашасынан бастап жоспарланып отыр.