Akon мен Эминемнің Smack That әнін орындаған қазақ жігіті көпшілікті таңғалдырды
Akon мен Эминемнің Smack That әнін орындаған қазақ жігіті көпшілікті таңғалдырды
Фото: видеодан скриншот
468
оқылды
Әлеуметтік желіде танымал әнші Akon мен атақты рэпер Эминемнің Smack That әнін орындаған қазақ жігіті талқыланып жатыр.  Ол ағылшынша бір мүдірмей туындыны тамаша орындап шыққан, – деп жазады Express Qazaqstan. Видеодан қазақ жігіті ағылшынша мүдірмей рэп оқып, жанындағыларды таңғалдырғанын байқауға болады. Бірақ талантты азаматтың аты-жөні кім екені, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз. Ал желі қолданушылары "Міне, нағыз талант!", "Жарайсың! Талант бар, таныс жоқ болғаннан қара жұмыс істеп жүрген шығар", "Осындай азаматтарды көтеру керек, талай әншілерді жолда қалдырады", "Дауысы күшті екен. Қай жақтың жігіті?" деп түрлі пікір қалдырған. https://www.youtube.com/watch?v=bKDdT_nyP54&t=5s&ab_channel=AkonVEVO