«Қарсылас маңызды емес»: Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегі туралы айтты
«Қарсылас маңызды емес»: Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегі туралы айтты
Фото: kaz.vesti.kz
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Instagram әлеуметтік желісіндегі DAR Team парақшасында келесі кездесуі қашан өтетінін айтты.  "Қазір Алматыда жаттығып жатырмын. Жуық арада Алексеевкаға барып, он күндей дайындық өткіземіз. Сосын Алматыға оралып, желтоқсанның соңына дейін осында боламын. Келесі жекпе-жекті алдағы жылдың ақпанында өткізуде жоспарлап отырмын. Қарсылас қатты маңызды емес. UFC қай қарсыласты ұсынса, сонымен төбелесемін", – деді Рахмонов. 27 жастағы спортшы UFC ұйымында екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Аралас жекпе-жекте 14 кездесу өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түсті.