Нұр-Сұлтанда сауда орындарының бірінде болған төбелес видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда сауда орындарының бірінде болған төбелес видеоға түсіп қалды
134
оқылды
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес шығарған ер адамдардың видеосы тарап жатыр. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді. Оқиға "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында болған. Елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 9 қараша күні кешке болғанын хабарлады.
"Сағат 21:30 шамасында "102" арнасына Достық көшесі бойындағы "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында белгісіз біреулер төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген департаменттің ақпаратында.
Материал Есіл ауданы полиция басқармасында тіркелді. Аталған факті негізінде "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлілерді анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.