Қазақстан самбодан әлем чемпионатында үшінші «күмісті» жеңіп алды
Қазақстан самбодан әлем чемпионатында үшінші «күмісті» жеңіп алды
Фото: instagram.com/dildash.kuryshbayeva
Ташкентте самбодан өткен әлем чемпионатында қазақстандық Ділдәш Құрышбаева күміс медаль жеңіп алды. Құрышбаева 72 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде израильдік Алиса Шлесинджерден жеңіліп қалды. Бұл күміс Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші, ал жалпы команданың турнирдегі алтыншы медалі болды. Бұған дейін Рахат Жаңаниет пен Гүлдана Әлмұханбетова чемпион атанса, Райхан Мәди мен Ажар Салықова күміс, Болатбек Райымқұлов қола жүлдені иеленді.