Қазақстандық файтер жеңіліп көрмеген қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді
Қазақстандық файтер жеңіліп көрмеген қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді
Фото: sportx.kz
154
оқылды
Қазақстандық ММА күресшісі Игорь Свирид (15-10) Алматыда өткен Bushido Qazaqstan Гран-При турнирінде өнер көрсетті. Свирид Қырғыз Республикасының өкілі Исмаил Алижаппаровқа қарсы жекпе-жек өткізіп (3-0), мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раунд соңында аяқталды: Алижаппаровтың бұрышы күресті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Игорь Свирид өзінің кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетті, ал Исмаил Алижаппаров бірінші рет жеңіліп отыр.