Головкин-Мурата жекпе-жегіне болжам жасалды
Головкин-Мурата жекпе-жегіне болжам жасалды
232
оқылды
DAZN-дағы Аk & Barak Show жүргізушілері Акин "Ак" Рейес пен Барак Бесс орта салмақтағы IBF әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super белбеуінің иегері Риото Муратамен өтетін  жекпе-жегі туралы  пікірлерімен бөлісті.
Қарсыластар 29 желтоқсанда Сайтамада (Жапония) кездеседі. Рейес Геннадий Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке мүмкіндік алғысы келсе, Муратаны сенімді түрде жеңу керек екенін атап өтті, – деп хабарлайды Sports.kz.
– Адамдар бұл жекпе-жекті күтеді [Головкин - "Канело" III]. "Канелоның" Калеб Плантқа не істегенін бәрі көрді, егер GGG қазір қашықтықты басып өтіп, Муратамен қиындыққа тап келсе, не болатынын түсініп көріңіз. Трилогияға деген қызығушылық біршама әлсірейді", – деді Ак. Оның әріптесі Мурата туралы ойын айтты.
– GGG 39 жаста. Оның алдында оған ұқсайтын адам болады, түсінесіз бе? Головкиннің жапондық нұсқасы. Мурата биік блок қойып, алға шығады. Ол нокаутшы және көп рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен", – дейді ол.