Түркістан облысында 15 миллион теңгенің бақылау алаңы бүлінді
Түркістан облысында 15 миллион теңгенің бақылау алаңы бүлінді
Сурет: © 24.kz
255
оқылды

Түркістан облысында бақылау алаңын бүлдірген бұзақылар іздестіріліп жатыр. Олар мәрмәр плиткаларды, орындықтарды сындырған. Әкімдік қызметкерлері тәртіп бұзушыларға қатысты полицияға шағым түсірді, – деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Шығын шамамен 600 мың теңгеге бағаланып отыр. Жергілікті билік қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Өткен жылы бюджеттен бұл алаңға 15 миллион теңге жұмсалды. Оны Төле би ауданы Алатау ауылдық округіне кіреберісте жасаған. Туристер табиғатты қызықтау үшін келген. Биік төбеде, тау бөктерінен шамамен бес шақырым жерде дүрбі орнатылған, бұл әсем табиғатты толық көруге мүмкіндік береді. Бақылау алаңы туристердің, жас жұбайлар мен түлектердің сүйікті орнына айналады деп жоспарланған болатын.