Атыраудағы азық-түлік қоймасында өрт шықты
Атыраудағы азық-түлік қоймасында өрт шықты
Сурет: Inactive account – ID 12019
247
оқылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қойма 13 қараша күні өртенген. 

«Өрт туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын қоймадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр  шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те оқшауланып, сағат 16:45-те сөндірілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.