"Қолыңнан келсе, қайтала!": AIBA қазақстандық әлем чемпионына үндеу жасады
"Қолыңнан келсе, қайтала!": AIBA қазақстандық әлем чемпионына үндеу жасады
Фото: Sports.kz
145
оқылды
Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың Белградта өткен 2021 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісін еске алды.
"Қолыңнан келсе, қайтала! AIBA әлем чемпионы Сәкен Бибосынов" делінген ұйымның Instagram парақшасында.
Сербияда Бибосынов төрешілердің бірауыздан шығарылған шешімімен 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда жеңіске жетті. Бокстан келесі Әлем чемпионаты 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтеді. Белградта өткен әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), ал Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) және Серік Теміржанов (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды. Қоланы Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) алды.