Есірткі сақтаған әйел 10 жылға сотталды
Есірткі сақтаған әйел 10 жылға сотталды
Павлодарда есірткі сақтаған әйел 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың ақпан айында Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғынының есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтағаны туралы ақпарат алды.
– Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің көлігін ұстады, тінту барысында автомобиль салонынан аса ірі мөлшердегі психотроптық заттар табылды. Сондай-ақ 2020 жылдың көктемінде әйел жұмыс іздеп жүрген. Ол телефон арқылы “Telegram” интернет-мессенджерінде өзін интернет-дүкеннің “әкімшісі” ретінде таныстырған белгісіз адаммен байланысқаны анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Әйел азаматтардың денсаулығы мен моральға қарсы аса ауыр қылмыс жасайтынын білсе де, ықыласпен келіскен. 2021 жылдың 17 ақпанында осындай арнайы операциялардың бірінде қаскүнемді полиция ұсталды. Нәтижесінде, әйелден салмағы шамамен 2 грамм болатын 4 метилметкатин психотроптық заттың аналогы алынды, оны әйел одан әрі сату үшін заңсыз сақтаған. Есірткі сақтаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен 34 жастағы есірткі сақтаушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.