Семейде жасөспірім қыздың денесі іздестірілуде

Семейде жасөспірім қыздың денесі іздестірілуде

Семейде кәмелеттік жасқа толмаған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр, деп жазады arnapress.kz. Департаменттің хабарлауынша, 13 қарашада әйел адам Семей қалалық Полиция басқармасына хабарласып, кәмелетке толмаған қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы "Кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір кінәлі тұлға анықталып, тергеу, кәмелетке толмаған адамның денесін іздеу және дәлелдемелерді бекіту шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.