Рудный тас жолында болған жол апатынан алты адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты
Рудный тас жолында болған жол апатынан алты адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты
Фото: laishevskyi.ru
Бүгін Қостанай-Рудный тас жолында жол апаты болып, 6 адам зардап шекті, бір адам қаза тапты. Оқиға сағат 14:30-да Қостанай-Рудный тас жолының 38-ші шақырымында болған.
«Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Қазіргі таңда Kia Sportage көлігінің 57 жастағы жүргізушісі 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2170 маркілі көлігіне соқтығысқан. Осыдан кейін Kia Sportage жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 51 жастағы азамат басқарып келе жатқан Ваз 2115 көлігіне соғылған»,-деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Апат салдарынан 1 адам мерт болып, 6 адам жарақат алды. Полиция осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.