Қар, көктайғақ, тұман: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Қар, көктайғақ, тұман: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
201
оқылды
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ауа райына қатысты ескерту жариялады. 15 қараша күні Алматыға қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады. Жолда жүру, көру мүмкіндігі қиындайды. Осыған байланысты ТЖД көлік жүргізушілеріне мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: - Жолға мұқият назар аударыңыз, қозғалыс кезінде телефонды пайдаланбаңыз және машинаны басқаруға кедергі келтіретін бөгде әрекеттерге алаңдамаңыз; - Есіңізде болсын: егер сіз көлік жүргізу кезінде кенеттен тоқтасаңыз, дөңгелектер құлыпталып, көлік құралын жүргізуге кедергі келтіреді; - Жол қозғалысы ережелерін, қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасаудан және басып озудан аулақ болып, жаяу жүргіншілерге абай болыңыз, айналаңыздағы автокөліктерді қадағалаңыз. Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар: - Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуші бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;