Қарағандыда 5 автокөлік жол апатына түсті
Қарағандыда 5 автокөлік жол апатына түсті
162
оқылды
14 қараша күні сағат 19.20-да Қарағанды - Нұр-Сұлтан тас жолында төлем терминалының жанында бес көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тапты. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олардың нәтижелері бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Күн райының бұзылуына байланысты жолдарда көктайғақ байқалады. Тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін жылдамдық режимін асырмауға, сақ болуға шақырды.