Қазақстанда 8,5 миллионнан астам адам коронавирус вакцинасын салдырды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. «15 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 539 432 адам, II компонентті 7 817 732 адам салдырды», – делінген хабарламада. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 1 010 741 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 961 251 адам екінші компонентін салдырған. Түркістан облысы екпе алудан екінші орында. Өңірде 1 003 201 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 944 827 адам 2-компонентін салдырған. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 902 087 адам екпенің бірінші бөлігін, 841 536 адам екінші бөлігін алды.