Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы маусымдағы алғашқы әлем кубогі кезеңінен жүлде алды – деп хабарлайды Olympic.kz. 1500 метрге жарысудан А тобында сынға түскен Надежда Морозова қола жүлдегер атанды. Ол 01:56.925 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке еніп отыр. Алтын медальді жапондық Михо Такаги (01:56.000), күмісті америкалық Бриттани Боуи (01:56.606) жеңіп алған.