Биыл 6 қарашада рейдтік шаралар барысында полиция қызметкерлері Глубокое ауданындағы Тарханка ауылының маңында өзінің тіркелген мылтығымен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтады.
Күдікті оның етін жеке пайдалану үшін алғанын, сондай-ақ болашақта сату мүмкіндігі жоспарымен аюдың табанын да тастамағанын айтты. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337 бабы заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген» дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
А.Әбіл,
Шығыс Қазақстан облысы