Шығыс Қазақстан облысында мұзға құлаған балықшы көз жұмды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 14 қараша күні сағат 16.22-де Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз астына түсіп кеткен. «47 жастағы ер адам судан шығып үлгергенімен, 50 жастағы азамат батып кетті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар балықшының денесін тауып, алып шықты. Белгілі болғандай, ер адамдар мұзға шыққан кезде құтқару кеудешелерін кимеген», – деп хабарлады ведомстводан.