Ақмолада бір үйден үш адамның мәйіті табылды
Ақмолада бір үйден үш адамның мәйіті табылды
Фото: elitar.kz
96
оқылды

Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Биыл 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында Жақсы аудандық Полиция бөліміне Жақсы ауылы Тәуелсіздік көшесі 30-үйдегі пәтерден 56 жастағы және 50 жастағы ер адам мен бір әйелдің денесі табылғаны туралы хабар түскен.

Көз жұмған 50 жастағы ер адам «Жақсы су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында электрик болып жұмыс істесе, 56 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел – жұмыссыздар.

Полицияға хабарлап айтқан адам 50 жастағы электрик телефонды көтермеген соң үйіне барған. Сол кезде пәтер ішінен үш адамның мәйітін көрген.

Үшеуіне иіс тиген болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.