Атыраудағы жарылыс: зардап шеккен үш тұрғынның екеуі қайтыс болды
Атыраудағы жарылыс: зардап шеккен үш тұрғынның екеуі қайтыс болды
Фото: azh.kz
116
оқылды

Оқиға 10 қарашада түнгі сағат 1:24-те Атырау қаласы Балауса шағынауданында жеке үйде болған.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, апат салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға үш адам түсті. 19 жастағы екі жігіт жансақтау бөліміне жеткізілген. Үшіншісі – 22 жастағы бойжеткен. Жансақтау бөлімшесіндегі науқастың бірінің денесін – 90%, екіншісінде 85-90% күйік шалған. Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Науқастың екеуі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 1999 жылғы бойжеткен 25-30% күйікпен нейротравматолгия бөлімшесіне түсті.

«Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігерлері II және III дәрежелі күйікпен түскен 19 жастағы екі жігітке медициналық ем-дом жасады. Бірақ, кеше, 14 қарашада денесінің 85-90%-ын күйік шалған 2002 жылғы жігіттің бірі қайтыс болды. Ал бүгін, 15 қарашада 90-95% күйік алған екінші науқас – 19 жастағы жігіт көз жұмды», –­ деді департамент өкілі.

Бұған дейін Атыраудағы жарылыс болып, үш студентті көршілері құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.