Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Алайда, жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қаланың барлық медицина ұйымдары қатыспайды", — делінген хабарламада.Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасы салынатын медицина ұйымдарының тізімін ұсынды. Олар:
- Қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;
- «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;
- «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері (барлық филиалдары).