Өскеменде қатты жел 3 қабатты ғимараттың шатырын ұшырып жіберді
Өскеменде қатты жел 3 қабатты ғимараттың шатырын ұшырып жіберді
Өскеменде қатты желден 3 қабатты ғимараттың шатыры ұшып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Екпінді жел 30-Гвардиялық дивизия көшесінде орын тепкен ғимараттың 900 шаршы метр көлеміндегі шатырын сыпырып әкетіпті. Ғимараттың жалпы аумағы 1800 шаршы метр.
«Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеуде», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
 

Азамат ҚАСЫМ, Шығыс Қазақстан облысы