Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
«14 қараша сағат 10:40-та Павлодар-Успенка-РФ шекарасы тасжолының 72 шақырымында ВАЗ 21074 маркалы автокөлігінің тайғақ жолда жылдамдықты сақтамаған 70 жастағы жүргізушісі Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21074 көлігінің жүргізушісі мен 70 жастағы жолаушысы алған жарақаты салдарынан мерт болды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Volkswagen Passat автомобилінің 49 жастағы жүргізушісі мен 19 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
«Жол апатының тағы бір себебі - «Қазавтожол» ЖШС-нің қар тазалауды дұрыс ұйымдастырмауы болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу аясында осы тасжолды қадағалайтын ұйымды жауапқа тарту мәселесі де қарастырылып жатыр», - деді ведомстводан.